Талап

Сотқа берілетін арыз түрі. Оны адам басқа бір адамды (жауап беруші) міндетін орындауға міндеттеу үшін береді. Мысалы, бұрынғы жұбайына алимент төлету не басқа біреуге келісімдегі шартты орындату. Әдетте мұндай іс азаматтық сот ісі деп аталады. 




Талап беретінді талап беруші деп атайды. Қызық, иә :) 


Талаптың мәні мен негізі деген болады. Мәні деген — адамның талап етіп отырған нәрсесі: қарызды не шығынды өтеу, жалақыны уақытылы төлеу, жария түрде кешірім сұрау және тағысын-тағы. 


Негізі деген — ол жауап берушінің талапқа себеп болған әрекеті мен әрекетсіздігі. Мысалы, өз қызметкеріне инфекциядан қорғайтын киім бермеу. 


Талаптың ескіру мерзімі болады. Мысалы, Қазақстанда ол көбіне үш жыл. Сол уақыт ішінде азаматтар сотқа арыз беріп үлгеруі керек. Мерзім адамның өз құқығы бұзылғанын білген не білуге тиіс күннен басталады.


18/01/2021 18:18 4234 0

18/01/2021
18:18 4234 0

Поделиться

Нет комментариев.

Уведомление